360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегі жайында ресми хабарлады

  • 164
Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегі жайында ресми хабарлады prosports.kz

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы рингке 3 қарашада оралады.

Бұл туралы Жәнібектің командасы инстаграм парақшасында жариялады.

Естеріңізге салсақ, бүгін Әлімханұлы АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегін өткізіп, колумбиялық Карлос Гальванды төрешілер шешімімен жеңген болатын.

«Барлық жанкүйерге алғыс білдіреміз. Қолдауларыңызға көп рақмет. Америкадағы алғашқы жекпе-жек өте сәтті өтті. Жәнібек ешқандай жарақат алмады. Бұйыртса, келесі жекпе-жек 3 қараша Техаста өтеді. 1-2 күн демалып, дайындықты қайта бастаймыз», – деп жазылған хабарламада.

BoxRec.com сайтының ақпараты бойынша, Әлімханұлы 3 қарашада америкалық Вон Александермен жұдырықтасады. Бұл боксшы қарумен ұрлық жасағаны үшін 11 жыл түрмеде отырған.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы