366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық боксшы Ержан Залилов қарсыласын уақытынан бұрын жеңді

  • 119
  • UPD: 10:09, 30.09.2018
Қазақстандық боксшы Ержан Залилов қарсыласын уақытынан бұрын жеңді

Қазақстандық боксшы Ержан Залилов кәсіпқой рингтегі 11-жеңісіне қол жеткізді.

Бұл туралы боксшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

25 жастағы қазақстандықтың қарсыласы 38 жастағы ресейлік боксшы Александр Салтыков болатын. Жекпе-жек Ресей астанасы Мәскеуде өтті. Кездесу 8 раунд деп жоспарланған болатын. Алайда төртінші раундтан кейін Салтыков айқасты жалғастырудан бас тартты. Осылайша қазақстандық 11-мәрте жеңіске жетті. Оның бесеуі мерзімінен бұрын жеткен жеңістер. Одан бөлек Залилов бокстағы мансабында бір рет жеңіліп, бір рет тең түскен болатын. Ал Салтыковтың қоржынында 12 жеңіс, 55 жеңіліс бар.

Хабар 24 телеарнасы