366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Тур Алматы-2018» халықаралық веложарысы аяқталды

  • 159
  • UPD: 21:53, 30.09.2018

Осымен алтыншы мәрте ұйымдастырылып отырған дәстүрлі сынға биыл әлемнің 15 елінен 19 команда қатысты.

Әуесқой және кәсіпқой командалардан бөлек бұл көпкүндікте Қазақстан мен Ресей ұлттық құрамасының велошабандоздары да бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша бірнеше номинация бойынша үздіктер анықталды.

«Тур Алматы-2018» веложарысының деңгейі жыл сайын жоғарылап келеді. Халықаралық велоспорт қауымдастығы оң қабақ танытып, біркүндіктен көпкүндік мәртебесіне ие болды. Биыл бірінші рет Польша мен Албания және Беларусь мен жапондар Алматыға үкілеп спортшыларын әкелді. Испаниялық Луис Леон Санчес пен италиялық Давид Вилелла және америкалық Крис Хорнер секілді мықтылардың қатсуы жарыс көркін қыздыра түскені анық. 182 шақырымға созылған бірінші кезеңде сол біз атаған Давид Вилелла топ жарды. Бұл – Италия велошабандозының «Астана» командасы сапындағы алғашқы жеңісі. Бұған дейін Американың Гармин Шарп командасында тер төккен Вилелла Вуельта велобәйгесінде тау королі атанғаны тарихта жазулы тұр. «Тур Алматы-2018» веложарысына тұңғыш рет қатысқандардың бірі – Алматының Apple Team командасы. Дебютанттардың алғашқы нәтижелері де жаман болған жоқ. Команда капитаны Мақсат Аязбаев бастаған жігіттер ең бастысы – ауызбіршілік таныта білді.

Мақсат Аязбаев, Apple Team командасының капитаны:

- Осы жарыста бізде басқа да команданың лидерлері бар. Ол Олег Земляков деген бала. Ол таулы жерде жақсы жүретін бала. Бүгінгі кезеңде Медеуде мәре болады. Сол жақта енді көреміз. Кешегі кезеңде Олег Земляков жақсы нәтиже көрсете алды. Қазақстанның спортсмендерінің арасында үшінші болды. Сол үшін бүгін көптеген жұмыстар жасап, оған Қазақстанның ең үздік велошабандозының майкасын алуға командамен көмектесіп, тырысамыз енді. Бүгін өте қиын кезең десек болады.

Жарыстың екінші күнінде «Астаналықтардың» алдына жан салмасы түсінікті еді. Өйткені «Тур Алматы-2018» көпкүндігіндегі жалғыз кәсіпқой команда осы «Астана» болатын. 160 шақырымға созылған екінші кезеңде испаниялық Луис Леон Санчес қамшы салдырмады. Санчестің отандасы Делито Фернандес мәре сызығын екінші болып кессе, үштікті Давид Вилелла түйіндеді. Жалпы италиялық велошабандоз үшін биылғы «Тур Алматы» жарысы табысты болды. Екі кезеңнің қортындысы бойынша сары жейдесін сақтап қалған Виллелла жарыс жеңімпазы болып қана қоймай, үздік ұшқыр велоспортшыға тағайындалған жасыл жейдені де жеңіп алды.

21 жастағы Юрий Натаров ең үздік қазақстандық велоспортшы атанса, Албания велоклубның намысын қорғаған италиялық Пьерпало Фикара тау каролі болып танылды.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Кенже Амраев, Ерлан Әбжанов

Хабар 24 телеарнасы