360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ольга Рыпакова ресми түрде Пекин Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

  • 351
  • UPD: 23:03, 02.10.2018
Ольга Рыпакова ресми түрде Пекин Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды inform.kz

Қазақстандық спортшы Ольга Рыпакова Бейжіңде (Қытай) өткен 2008 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері ретінде ресми түрде мойындалды, деп хабарлайды prosports.kz.

Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиада комитеті мәлімдеді.

Халықаралық Олимпиада комитеті 2008 жылғы және 2012 жылғы Олимпиада ойындарының допинг сынамалары қайта қаралған болатын. Нәтижесінде 2008 жылы үш қарғып секіруден күміс жүлде алған ресейлік спортшы Татьяна Лебедеваның допингке қарсы ережелерді бұзғаны анықтады.

Сөйтіп, Пекинде төртінші орын алған Ольга Рыпакова араға он жыл салып күміс жүлдегер атанды.

Бұған дейін 2008 жылғы Пекин Олимпиадасында қола медаль алған грек қызы Хрисопийи Деветци де допинг дауына ілігіп, оның қола жүлдесі Рыпаковаға берілетіні туралы шешім шыққан болатын.

Хабар 24 телеарнасы