365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ермахан Ибрайымов: Спорт сарайларының есігі балаларға әрдайым ашық болуы керек

  • 152
  • UPD: 23:17, 06.10.2018
Ермахан Ибрайымов: Спорт сарайларының есігі балаларға әрдайым ашық болуы керек

Дені сау ұлт қана бәсекеге қабілетті болады. Сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі.

Әр азаматтың денсаулығын жақсартып, сымбатты да төзімді, жігерлі де жинақы жүруіне жол ашатын – дене тәрбиесі және спорт екені белгілі. Сондықтан Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында да өңірлік деңгейдегі резервтерді тауып, бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру қажеттілігін қадап айтты. Және келер жылы Үкімет пен әкімдерге кем дегенде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды тапсырды. Сондай-ақ қолданыстағы, әсіресе мектептердегі спорт ғимараттарын тиімді пайдаланып, дене шынықтырумен айналысу үшін аулаларды, саябақтарды жабдықтау қажет екенін де жүктеді.

Ермахан Ибрайымов, Олимпиада чемпионы:

–  Алматы, Астана мен облыс орталықтарында спорт ғимараттары салынып жатыр. Өкінішке орай, олардың іші бос тұр. Себебі спортпен айналысу үшін ақы төлеу керек. Оны ата-аналардың қалтасы көтере бермейді. Үлкен спорт сарайлары балаларға әрқашан ашық болуы керек.

Хабар 24 телеарнасы