360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Сарықарқа» велотрегінде жаттығу үшін оқушыларға 65 процент жеңілдік беріледі

  • 103
  • UPD: 22:32, 11.10.2018

Астанадағы «Сарықарқа» велотрегі Елбасы Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындауға білек сыбана кірісті.

Спорттық кешендердің қолжетімдігін арттыру мақсатында 15 қазаннан бастап оқушыларға 65 пайыздық жеңілдік жасалады. Яғни мұнда келгендер фитнес орталықта дайындалып, бассейнге шомыла алады. Дәл осындай жеңілдіктер студенттер мен зейнеткерлерге де қарастырылған. Ал мүмкіндігі шектеулі жандар тегін негізде жаттығады. Яғни қаладағы 4 мүгедек жандар  бірлестігіне осындай жағдай жасалып отыр. Жолдаудағы басқа да тетіктерге қатысты жұмыстар белсенді жүргізіліп жатқандығын алға тартты спорттық нысан басшылығы. 

Индонезия төрінде сынға түсіп жатқан жерлестеріміз ұлттық құрама қоржынын тағы толтырды. Әсіресе, жүзушілер жарап тұр. Оның ішінде 50 метрге еркін стильде жарысқан Ержан Сәлімгереев алтын жүлдегер атанды. Ал, әйелдер арасында Зүльфия Ғабидуллина күміс медаль еншіледі. Ол 200 метрлік бәсекеге қатысқан болатын. Дәл осындай жетістікке  Сергей Кинах та жетті. Ол 100 метрге брасс әдісімен жүзуде мәреге екінші жетсе, 500 метрлік еркін жүзуде үздік үштікті түйіндеді. Осының арқасында Қазақстан қазір медальдік есепте он үшінш тұр. Азия параойындарының жалпы қорытындысы алдағы сенбіде белгілі болады.

Аргентина төрінде жасөспірімдер арасындағы олимпиада аяқталып үлгерген жоқ. Ал ХОК 2022 жылы байрақты бәсеке өтетін қаланы анықтады. 4 жылдан кейін жас спортшылар Сенегал астанасы Дакарда бас қосатын болды. Осы мақсатта 50 мың адамға арналған су жаңа стадион бой көтереді. Ел президенті Маки Салл аталған жобаға барынша қолдау білдіретінін жеткізді. Ал халықаралық комитет болса, ойындар мамыр немесе маусым айында өтетінін мәлімдеді. Бұл өзгеріс спортшылардың тропикалық ауруларға шалдықпауы үшін жасалғалы отыр.

Хабар 24 телеарнасы