366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық аралас жекпе-жек спортында дау шықты

  • 169
Қазақстандық аралас жекпе-жек спортында дау шықты

ММА сайыс түрінің еліміздегі заңды бірлестігі әлем чемпионатынан тыс қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі қарашаның 11-де Бахрейнде басталатын дүниежүзілік жарысқа қазақ елінің атынан екі жыл бұрын құрылған панкратион және греплинг федерациясының спортшылары қатысады. Қазақстан ММА федерациясы президентінің бірінші орынбасары Анатолий Ким аталған шешімнің ешқандай заңға сәйкес келмейтінін алға тартып, тілшілерді жинады. «Біздің жігіттер ел ішіндегі іріктеуден өтті. Ұлттық құраманың оқу-жаттығуына штаттық командалар дирекциясынан қаржы бөлінді. Бізді Мәдениет және спорт министрлігі де қолдап отыр. Алайда осыны біле тұра, халықаралық қауымдастық елімізде заңды құқығы жоқ федерацияның әлем чемпионатына қатысуына рұқсат берді» – дейді Анатолний Ким.

Анатолий Ким, Қазақстан ММА федерациясы президентінің бірінші орынбасары:

– Елімізде заңсыз Қазақстан чемпионатын ұйымдастырып, заңсыз халықаралық ареналарға шығып жүрген басқа федерация қатарымызға қосылам десе, ешкім тыйым салып отырған жоқ. Біз оларды қуана қабылдаймыз. Ол ұйымдағы жігіттерге есігіміз әрқашан ашық. Бірақ олар әдейі осы жағдайға жеткізіп отыр. Соған қарамастан, біз әлем чемпионатына өз командамызды апаруға тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы