387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің паралимпиадашылары Джакартада рекорд жасады

  • 615
  • UPD: 19:45, 14.10.2018
Еліміздің паралимпиадашылары Джакартада рекорд жасады

Индонезияда ІІІ Пара Азия ойындары өз мәресіне жетті. Джакартада Пара Азия ойындары аяқталып, еліміздің спортшылары жүлде санының рекордты көрсеткішіне қол жеткізді.

Қазақстанның қоржынында 6 пара спорт түрінен (пара жүзу, пара дзюдо, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара волейболды отырып ойнау және шахмат) 33 медаль, оның ішінде 5 алтын, 15 күміс, 13 қола жүлде бар. Одан бөлек 4 спорт бойынша параспортшыларымыз алғаш рет жүлдеге ие болды. Сонымен қатар тұңғыш рет командалық ойында пара волейболшыларымыз қола медальді олжалады. Қоржынымызда алғаш жүлдені әйелдер арасындағы пара пауэрлифтинг бойынша 66 келі салмақта Алина Солодухина (қола медаль) сыйласа, артынша екінші қола медальді 100 метрге паражүзуден Дмитрий Ли олжалаған болатын. ІІІ Пара Азия ойындарына әлемнің 43 елінен 3 мыңнан аса спортшы қатысты, біздің елден 9 параспорт түрінен 91 спортшы қатысты.

Хабар 24 телеарнасы