378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бокстан Қазақстан чемпионатында алғашқы жүлдегерлер анықталды

  • 732
  • UPD: 17:07, 15.11.2018
Бокстан Қазақстан чемпионатында алғашқы жүлдегерлер анықталды

Турнир Ақтауда өтіп жатыр.

Ақтауда өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатының алғашқы жүлдегерлері анықталды - 52 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатындар жартылай финалға өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жарыс күнінің алғашқы жекпе-жегінде елдің қазіргі чемпионы Олжас Байниязов пен астаналық боксшы Азат Махметов жұдырықтасты. Бұл кездесуде өзіндік мини-сенсация болды: ұпай санымен Махметов жеңді. Басқа жұптардың жекпе-жектері былай аяқталды:

Ширек финал

Олжас Байниязов (Шымкент) - Азат Махметов (Астана) - 2:3

Евгений Павлов (Солтүстік Қазақстан облысы) – Ануар Мұзапаров (Алматы облысы) - 2:3

Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы) - Қанат Тұрғанбаев (Қарағанды облысы) - 5:0

Канат Санғыл (Астана) - Абай Қуандықов (Ақтөбе облысы) - 0:4

Жартылай финал

Азат Махметов - Ануар Мұзапаров

Сәкен Бибосынов - Абай Қуандықов

Жартылай финалдық кездесулер 17 қарашада өтеді.

Хабар 24 телеарнасы