378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық каратэшілер әлем чемпионатына дайындалуда

  • 283
  • UPD: 15:26, 23.11.2018
Қазақстандық каратэшілер әлем чемпионатына дайындалуда

Қазақстан каратэден әлем үздіктері қатарында екенін кезекті рет дәлелдеп көрмек.

Еліміздің таңдаулы киокушин шеберлері Астанаға жиналып, дүниежүзілік додаға дайындықты бастады. Жасөспірімдер арасындағы бәсеке 7-9 желтоқсан аралығында Болгарияда өтеді. Қазақстан атынан 33 спортшы сынға түседі. Бас бапкер Дастан Әбжанов: «қыз-жігіттердің бабы жақсы екенін айтып, жалпы есепте үздік үштікке кіруге толық мүмкіндік бар», – деді.

Дастан Әбжанов, ұлттық құраманың бас бапкері:

- Олар Қазақстан чемпионатында іріктелген балалар. Өз категорияларында чемпиондар. Сол жігіттер әлем емпионатында біздің намысымызды қорғайды. Қазақстанда киокушинкай-кан каратэ үлкен дәрежеде. Енді әлем чемпионатында үлкен орындар көрсетеміз деп ойлаймыз. Ересектер көп орын алып жатыр. Енді жасөспірімдер де осы үмітті ақтайды деген ойдамын.

Хабар 24 телеарнасы