384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандық мәнерлеп сырғанаушылар Хорватиядағы турнирге қатысады

  • 412
  • UPD: 09:57, 24.11.2018
Отандық мәнерлеп сырғанаушылар Хорватиядағы турнирге қатысады

Желтоқсанның 4-9 аралығында Хорватия астанасын Загребте мәнерлеп сырғанаудан «Golden Spin of Zagreb» халықаралық турнирі өтеді. 

Аталған сынға Құралай Узурова баптайтын қазақстандық мәнерлеп сырғанау шеберлері де қатысады. 

Атап айтар болсақ, Қазақстаннан шыққан тұңғыш спорттық жұп Жансая Адыханова мен Әбіш Байқанов, Айза Имамбек, Алана Тоқтарова, Рахат Бралин және Никита Манько ел намысын қорғайды. 

«Таллиндегі турнирден соң дереу Загребке аттанамыз. Спортшыларымыз жаңа бағдарламасын жанкүйерге паш етіп қана қоймай, төрешілерден жақсы ұпай алуға тырысатын болады. Бұл спорттық жұп ретінде енді ғана танылып жатқан Жансая мен Әбіштің шеберлігін арттыруға да таптырмас мүмкіндік», - дейді бас бапкер Құралай Узурова. 

Еске сала кетейік, Загребтегі халықаралық турнир 2001 жылдан бері Олимпиадаға ұпай беретін турнир ретінде ISU бағдарламасына енген болатын. 2014 жылдан бері «Челленджер» санатындағы жарысқа баланады. 

Қазақстандық Денис Тен 2009, 2014 және 2015 жылдары аталған турнирде үш мәрте жеңіске жеткен болатын.

Olympic.kz

Хабар 24 телеарнасы