378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бенди нет: Әлем біріншілігінде Қазақстан Ресеймен кездеседі

  • 318
  • UPD: 14:28, 27.01.2019
Бенди нет: Әлем біріншілігінде Қазақстан Ресеймен кездеседі Sportinfo.kz

Швецияның Венерсборг қаласында бенди неттен кезекті әлем біріншілігі басталды.

Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуін Финляндия құрамасымен өткізіп, жеңіліп қалды. Қарсыластар жерлестеріміздің қақпасына тоғыз гол соқты. Ал Ресей айдын иелерін, яғни Швецияны ұтты. Есеп 6:4. Ертең Қазақстан Ресеймен кездеседі, ал Скандинавияның екі командасы өзара күш сынасады. А тобында кілең мықтылар өнер көрсетеді. Алғашқы екі орынды иеленген команда жартылай финалға шығады. Ал енді екеуі В тобындағы үздіктермен ширек финалда бақ сынайды.

Хабар 24 телеарнасы