375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Футбол: бүгін «Барселона» – «Реал» кездесуі

  • 357
  • UPD: 13:23, 06.02.2019
Футбол: бүгін «Барселона» – «Реал» кездесуі Апостроф

Американың Анахайм қаласында мәнерлеп сырғанаудан «Төрт құрлық турнирі» басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан атынан бұл сынға Элизабет Тұрсынбаева мен Никита Манько қатысады. Қыздар арасындағы сайыс 8 ақпанда өтсе, жігіттер мұзға 9 ақпанда шығады.

Жазғы спартакиада басталды

Еліміздің белді балуандары Шымкентке жиналды. Білекті жігіттер мен қыздар бесінші жазғы спартакиада аясында кім мықтыны анықтайды. Спорттың 40 түрін қамтитын кешенді сын тамыз айына дейін жалғасады. Кеше балуандар сайысты бастап кетті. Жалпы, Шымкентте спартакиада бағдарламасына енген сегіз спорт түрінен жарыстар өтеді. Жылдың алғашқы бәсекесіне балуандар тыңғылықты дайындықпен келді. Шымкентте төселген бозкілемде үздік шыққандар ұлттық құрамаға ілінеді. Олар күзде Астанада өтетін әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады. Қазақ елінің балуандарына дүниежүзілік біріншіліктің алтыны 20 жылдан бері бұйырмай жүр. Енді осы биікті Шымкентте топ жарған спортшылар бағындыруы тиіс. 

Дәулет Тұрлыханов, Азия күрес кеңесінің президенті:

- Осы әлем чемпионатында Олимпиада ойындарына іріктеу болады. Әр салмақ категориясында бірінші алтылыққа кірген балуандар Токиода өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алады. Сондықтан біздің жаттықтырушылардың алдына қойған мақсатымыз осы Астанада болатын әлем чемпионатында көбірек жүлде алып, басқа құрлық чемпионатында, іріктеу Гран-при жарыстарына қарамай, дайындықты бүгінгі күннен бастап кету.     

Ең жеңіл салмақта Қорлан Жақанша мен Аманғали Бекболатов финалға шықты. 60 келі салмақта әлем чемпионатының қола жүлдегері Айдос Сұлтанғали жас балуан Нұрболат Темірбаевтан ұтылып қалды. Енді Темірбаев Мейрамбек Айнақұловпен бас жүлдені сарапқа салады. Демеу Жадыраев Ибрагим Магамадовпен 72 келінің мықтысын анықтайды. 77 келідегі финалдық белдесуде Азия чемпионы Асхат Ділмұхамедов пен жастар арасындағы әлем чемпионы Темірлан Шадукаев кездеседі. 97 келі салмақта Ерұлан Ысқақов пен Әлімхан Сыздықов шешуші сынға жолдама алды.  

Волейболдан ұлттық лига ойындары

Өскеменде волейболдан әйелдер командалары арасында ұлттық лиганың төртінші тур ойындары басталды. Алғашқы жарыс күні жүлдеден үмітті мықтылар кезекті жеңістеріне қол жеткізді. Тек «Алтай-2» мен «Алматы» кездесуі бес партияға дейін созылып, жеңімпаз тай-брейкте анықталды. Алаң иелері 3:2 есебімен басым түсті. «Жетісу» қыздары «Астананы» жеңді. Есеп – 3:0. Дәл осындай нәтижемен «Алтай» «Қарағанды» командасын ұтты. «Ертіс-Қазхром» 3:1 есебімен «Қуанышты» жеңді. Топ басында 58 ұпаймен «Алтай» келеді. 50 ұпайы бар «Жетісу» екінші орында тұр. Үздік үштіктің қатарында «Ертіс-Қазхром» бар. Ұлттық лиганың төртінші тур ойындары 13 ақпанда аяқталады. 

Футбол: бүгін «Барселона» – «Реал» кездесуі

Бүгін футбол жанкүйерлерінің назары Испанияға ауады. «Барселона» ел кубогының жартылай финалында «Реалды» қабылдайды. Каталония клубының фанаттарын Мессидің мәселесі алаңдатады. Аргентиналық шабуылшы өткен ойында бұлшықетін ауыртып алған-ды. Бас бапкер Эрнесто Вальверде Мессидің жағдайы соңғы жаттығуда белгілі болатынын айтады. Жаттықтырушы Леоның қатарға қосылатынына сенімді секілді. Себебі, Месси бүгінгі ойынға қатысатын 19 футболшының тізіміне енді. «Ноу Камп» стадионындағы Эль-классико Астана уақытымен түнгі екіде басталады.

Хабар 24 телеарнасы