388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана жастары шайбалы хоккейден жеңімпаз атанды

  • 649
  • UPD: 17:56, 06.02.2019
Астана жастары шайбалы хоккейден жеңімпаз атанды elorda.info

Астана жастары шайбалы хоккейден ІІІ қысқы ойындарда жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Елорда Инфо Мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Астанада шайбалы хоккейден жастар арасындағы III қысқы ойындар мәресіне жетті. 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасындағы кездесулер 30 қаңтар мен 5 ақпан аралығында «Барыс» спорт кешенінде өтті. Төрт жылда бір рет өтетін байрақты бәсекеде Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Алматы және Ақмола облыстарынан және Астана, Алматы мен Ақтөбе қалаларынан 8 команда шеберлік байқасты. Елордалық құрама сапында №10 спорт мектебінің хоккейшілері өнер көрсетті.

«Астана» командасы жарыста үздік нәтижеге қол жеткізіп, жастар ойындарының алтын жүлдесіне ие болды. Турнир иелері ешкімге есе жібермей 21 ұпай жинады.

Ақтық жарыста астаналық хоккейшілер Қарағанды облысының командасымен күш сынасты. Кездесу тартысты өтті, қарсылас мықты болғанымен, кездесу 3:2 есебімен елордалықтардың пайдасына шешілді.

Хабар 24 телеарнасы