378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Реал» мен «Барселона» тең тарқасты

  • 609
  • UPD: 11:28, 07.02.2019
«Реал» мен «Барселона» тең тарқасты

Эль-классиконың кезекті ойыны тең аяқталды. «Барселона» мен «Реал» Испания кубогының жартылай финалында жолықты. Каталониядағы алғашқы кездесуде 1:1 есебі тіркелді. Мадрид командасы 6-минутта есеп ашты. Лукас Васкес Кәрім Бенземаның пасынан кейін Тер-Штегенді қапы қалдырды. «Барселона» екінші таймда қарымта гол соқты. 57-минутта Малком мергендік танытты. Испания кубогі жолындағы қарымта кездесу «Сантьяго Бернабеу» стадионында 27 ақпанда өтеді.

Қазақстан хоккейшілері Оңтүстік Кореядағы халықаралық турнирді жеңіспен бастады. Каннын қаласында Жапониямен айдынға шыққан жерлестеріміз 5:2 есебімен басым түсті. Алғашқы минутта Аркадий Шестаков есеп ашты. Сосын Иван Степаненко мен Кирилл Савицкий мергендік танытып, нәтижені еселеді. Үзілістен кейін жапон хоккейшілері екі шайбамен жауап қатып, матчты қыздыра түсті. Алайда шешуші кезеңде Қазақстан командасы айдындағы басымдықты өз қолдарына алды. Кирилл Панюков пен Антон Некряч кезекті голдың авторы атанды.     

Юрий Михайлис, Қазақстан құрамасының бас бапкері:

- Бұл турнирде бірінші орын алу үшін келдік. Сонымен қатар қысқы универсиадаға үміткерлерді қараймыз. Себебі құрамада жас ойыншылар көп. Ең үлкендері 94-95-ші жылы туғандар. Команданың сексен пайызы Красноярск қаласында өтетін универсиада ойындарына барады. 

Қазақстан құрамасы жарыс қожайындары Оңтүстік Кореямен кездеседі. Ертең Латвиямен ойнайды.

Өскеменде волейболдан ұлттық лиганың төртінші тур ойындары өтіп жатыр

Жарыстың екінші күні «Қуаныш» қыздары «Алтай-2» командасының осал тұсын тапты. «Алматы» «Қарағандыдан» қарымта қайтарды. «Ертіс-Қазхром» «Астанадан» басым түсті. Ұлттық лигада топ бастаған «Алтай» мен «Жетісу» арасындағы кездесу қызықты басталған. Алғашқы екі партияда таразы басы тең тұрды. Сосын Өскемен қыздары қарқын алып, 3:1 есебімен жеңіске жетті. «Алтай» турнир кестесінде басты қарсыласынан ұзап барады.

Астанада алғаш рет панкратионнан ресми чемпионат өтті

Жақында ғана құрылған қалалық федерация бірінші рет жарыс ұйымдастырды. Аралас жекпе-жек шеберлері 6 салмақта кім мықтыны анықтады. Жеңімпаздары енді панкратионнан республикалық чемпионатқа қатысады. Ел біріншілігі сәуір айында Астанада өтеді.

Біржан Жақыпов, бокстан әлем чемпионы:

- Ата-бабамыз осынша жерді алып қалу үшін білектің күшін аямады. Осы жігіттер сияқты. Мықты батыр аға, ата, бабаларымыз болған. Сол жалғасын тауып жатыр. Ертең елімізді дүниежүзіне танытатын да осы жігіттер.

Хабар 24 телеарнасы