375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шорт-тректен әлем кубогы: Қазақстан әйелдер командасы жартылай финалда

  • 324
  • UPD: 10:44, 09.02.2019
Шорт-тректен әлем кубогы: Қазақстан әйелдер командасы жартылай финалда

Италияның Турин қаласында шорт-тректен әлем кубогының соңғы кезеңі басталды.

Қазақстан әйелдер құрамасы эстафетадан жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Эстафетада Қазақстан атынан Әлия Ким, Анастасия Крестова, Ольга Тихонова мен Әсел Тайшыманова сынға түсуде. Ширек финалда біздің команда өз тобында екінші орын иеленіп, жартылай финалға өтті. 

Ал ерлер командасы ескерту алып, жарыс жолынан шығып қалды. Аралас эстафетада қазақстандықтар айтарлықтай нәтиже көрсетпей, ширек финалдан аса алмады. 

Бүгін 1000 метрлік бәсекені ширек финалында Мерсаид Жақсыбаев бақ сынайды. Әлия Ким мен Анастасия Крестова 1500 метрде жартылай финалға өтті. 

Хабар 24 телеарнасы