378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Хоккейден ұлттық құрама Оңтүстік Кореядағы турнирде жеңіске жетті

  • 306
  • UPD: 13:12, 10.02.2019
Хоккейден ұлттық құрама Оңтүстік Кореядағы турнирде жеңіске жетті

Қазақстан ұлттық хоккей командасы Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті. «Мұра Кубогі» аталған жарыс Каннын қаласында өтті. Қазақстан құрамасы үш кездесуде қарсыласынан басым түсті.

Олар алдымен Жапонияны ұтты. Есеп  5:2. Екінші матчта айдын иелерінің осал тұсын тапты.  Оңтүстік Корея құрамасын 6:2 есебімен жеңген болатын. Финалдық кездесуде қазақстандық хоккейшілері Латвиямен шеберлік байқасты. Екінші кезеңде есепті Элвис Биезис ашты. Бірақ екі минуттан кейін Аркадий Шестаков таразы басын теңестірді. Үшінші кезеңде Никита Клещенко гол соғып, Қазақстан құрамасы алға шықты. Дегенмен, ойынның аяқталуына он минут қалғанда Латвия хоккейшілері есепті теңестірді. Жеңімпаз тек қосымша уақытында анықталды. Антон Нек-ряч мергендік танытып, Кубок Қазақ еліне бұйырды. Мұнда өнер көрсеткен қазақстандық хоккейшілер қысқы Универсиада кезінде де сынға түседі.

Юрий Михайлис, хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасынын бас бапкері:

- Ең алдымен, Универсиадаға қатысатын ойыншыларды қарадық. Маған осында келген ойыншылар ұнады. Жақсы үш ойын болды. Бүгін біз мінез бен тәртіптің арқасында жеңіске жеттік.

Мәдияр Ыбырайбеков, хоккейден қазақстан ұлттық құрамасының капитаны:

- Қазір біз дайындық үстіндеміз. Бұл біздің Универсиаданың алдында соңғы жаттығуымыз. Алда ішкі чемпионатымызда бірнеше ойын бар, содан кейін біз Красноярскіде өтетін Универсиадаға аттанамыз. Тапсырма бір -  тек жеңіске жету. Сол үшін бәрін жасауға ұмтыламыз.

Хабар 24 телеарнасы