375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Пакьяоның 18 жастағы ұлы алғашқы жекпе-жегін өткізді

  • 275
  • UPD: 17:02, 11.02.2019
Пакьяоның 18 жастағы ұлы алғашқы жекпе-жегін өткізді © kapamilya.com

Аңызға айналған филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяоның (61-7-2, 39 КО) Эммануэль есімді 18 жастағы ұлы бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz XSport.ua басылымына сілтеме жасап.

Пакьяоның үлкен ұлы Лукас Карсон есімді жігітпе жолдастық жекпе-жек өткізді.  Екі раундтық кездесу тең аяқталды.

Пакьяоның тұңғышы бұл жекпе-жекке Лос-Анджелестегі Фредди Роучтің залында жаттықты. Дегенмен, ол әзірше бұл спортпен кәсіби түрде айналысу туралы шешімге келген жоқ.

2000 жылы отбасын құрған Пакьяо мен жұбайы Джинкидің үш ұлы мен екі қызы бар.

Хабар 24 телеарнасы