375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуропа мен Чемпиондар лигасы ойындары Сала құрметіне үнсіздік минутынан басталады

  • 313
Еуропа мен Чемпиондар лигасы ойындары Сала құрметіне үнсіздік минутынан басталады vesti.kz

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының осы аптадағы матчтары қаза тапқан аргентиналық футболшы Эмилиано Сала құрметіне бір минуттық үнсіздікпен басталады.

Ал еурокубоктық матчтарға қатысатын клуб футболшылары алаңға қара шүберек тағып шығады.

Еске салайық, 9 қаңтарда Сала франциялық «Нанттан» англиялық «Кардиффке» ауысты. Трансфер соммасы жарияланбады, алайда АПЛ клубы бұл сомманы тарихындағы рекорд деп атады, ал баспасөз бетінде 20 миллион еуро туралы айтылып жүрді.

21 қаңтарда Сала «Нантпен» қоштасып, Уэльске ұшып шыққан. Футболшы мен ұшқыш отырған әуе кемесі радарлардан жоғалып кетеді.

3 ақпанда Ла-Манш бұғазынан ұшақ сынықтары мен Саланың денесі табылған. Ибботсонды іздеу жалғасып жатыр.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы