378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-тағы чемпионаттың жүлдегері Э.Тұрсынбаева жас спортшылармен кездесті

  • 292
  • UPD: 23:49, 14.02.2019

Төрт құрлық чемпионатының жүлдегері қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаушы өрендермен кездесті.

Кездесу оның туған күнімен тұса-тұс келді. 19-ға енді толған жас спортшыны балалар мен спорт мектебінің тәрбиеленушілері және жанкүйерлері құттықтады. Әсіресе оның спортта жеткен жетістіктері қызықтырады.

Еске сала кетейік, Элизабет Тұрсынбаева АҚШ-тың Анахайм қаласында өткен Төрт құрлық чемпионатында күміс медальға ие болған еді. Ол жарыста шеберлігімен қазыларды тәнті еткен болатын. Қазір қысқы универсиада мен Жапонияда өтетін әлем чемпионатына дайындалып жатыр.

Элизабет Тұрсынбаева, Төрт құрлық чемпионатының күміс жүлдегері:

-  Жарыста қысқа бағдарламаның қорытындысы бойынша алтыншы орынға тұрақтаған едім. Ал еркін бағдарламада 4 айналымды сальховты барынша орындауға тырыстым. Бірақ құлап қалдым. Сонда да соңына дейін айналдыра алғаным үшін қуаныштымын. Бұл өте қиын элемент екенін айта кеткім келеді. Мәнерлеп сырғанаушы әйелдер арасында оны ешкім жасамаған. Төрт құрлық чемпионатынан алған әсерімді сөзбен жеткізу қиын. Биіктен көріну үшін әлі де тер төгіп, еңбек етемін.

Хабар 24 телеарнасы