378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алексей Полторанин төртінші орынға табан тіреді

  • 231
  • UPD: 15:29, 18.02.2019
Алексей Полторанин төртінші орынға табан тіреді Informburo.kz

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин әлем кубогының кезеңінде жүлделі орынға сәл ғана жетпей қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Италияның Конь қаласындағы сайыста жерлесіміз мәре сызығын төртінші болып қиды. 15 шақырымдық классикалық сында ресейлік Александр Большунов жеңіске жетті. Финляндиялық Иво Нисканен екінші орынға ие болса, Александр Бессмертных үздік үштікті түйіндеді. Полторанин бір апта бұрын Словениядағы жарыста дәл осы қашықтықта топ жарған болатын. Қазақстандық шаңғышы жалпы есепте 44-орында келеді.  

Футбол. «Айнтрахт» – «Боруссия» – 1:1

Германия чемпионатының 22-турын «Айнтрахт» пен Менхенгладбахтың «Боруссиясы» түйіндеді. Жүлделі орыннан дәмелі командалардың кездесуі 1:1 есебімен аяқталды. Тайм аяқталар тұста Данни да Коста мергендік танытып, «Айнтрахты» алға жетеледі. «Боруссия» футболшылары үзілістен кейін қарымта қайтарды. Денис Закария кезекті шабуылды нәтижеге ұластырды. 22-турдан кейін Менхенгладбах командасы 43 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орынға жайғасты. «Айнтрахт» 34 ұпаймен жетінші орында келеді.

Роттердам турнирінде Монфис жеңіске жетті

Голландияның Роттердам қаласындағы теннис турнирінде Гаэль Монфис жеңіске жетті. Финалда француз спортшысы швейцариялық Стэн Вавринканың осал тұсын тапты. Есеп: 6:3, 1:6, 6:2. Ойын бір сағат 45 минутқа созылды.

Роттердамда Монфис биылғы маусымдағы алғашқы жүлдесін еншілеп, спорттық мансабында ұтып алған атағын онға жеткізді.

32 жастағы теннисші осы жеңістен кейін АТР рейтингісінде 26-орынға көтерілді.

Хабар 24 телеарнасы