378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Барыстың» канадалық қорғаушысы Қазақстан азаматтығын алды

  • 250
  • UPD: 11:40, 18.02.2019
«Барыстың» канадалық қорғаушысы Қазақстан азаматтығын алды Барыс

«Барыстың» канадалық қорғаушысы Даррен Диц Қазақстан азаматтығын алды, енді ол Астанада өтетін әлем чемпионатына қатыса алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.

«Диц Қазақстан азаматтығын алды. «Барыстың» бес хоккейшісін Астанадағы әлем чемпионатында ойнату жоспарланып отыр. «Барыстың» тағы басқа легионерлеріне азаматтық беру жағы әлі талқыланған жоқ», – деді Қазақстан хоккей федерациясының жауапты хатшысы Глеб Қаратаев.

Еске сала кетейік, Даррен Диц 59 ойында 52 ұпай (15+37) жинап, ҚХЛ-ның үздік сұрмерген-қорғаушысы болып тұр. Бұған дейін швед Хенрик Карлссон, америкалық Брэндон Боченски, канадалықтар Дастин Бойд пен Кевин Даллмэн Қазақстан азаматы атанған болатын. Бірінші дивизион командалары арасындағы әлем чемпионаты Астанада 25 сәуірден 5 мамырға дейінгі аралықта өтеді. Қазақстан құрамасынан тыс элитаға қатысу үшін Беларусь, Венгрия, Литва, Словения және Оңтүстік Корея командалары да бақ сынап көреді.

Хабар 24 телеарнасы