378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада шахматтан командалық әлем чемпионаты өтеді

  • 402
  • UPD: 16:59, 20.02.2019
Астанада шахматтан командалық әлем чемпионаты өтеді

Астанада алғаш рет шахматтан командалық әлем чемпионаты өтеді. Байрақты бәсеке наурыздың 4-і күні басталады. Оған Қытай, Иран, АҚШ, Үндістан, Ұлыбритания сияқты 20 елдің құрамасы қатысады.

Шахмат спортының үздіктері 10 күн бойы өзара мықтыны анықтап, жеңімпаздары рейтингтік ұпай алады. Бұл жөнінде чемпионат ұйымдастырушылары «Сарыарқа» велотрегінде өткен арнайы баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Жерлестеріміз арасынан бұл жарысқа Динара Сәдуақасова және Гүлісхан Нахбаева сияқты халықаралық деңгейдегі гроссмейстерлер қатыспақ.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Толығымен бұл чемпионат демеушілердің арқасында өтіп жатыр. Шахматтың бір жақсысы көп қаражатты қажет етпейді. Мысалы, хоккей не футбол сияқты.

Хабар 24 телеарнасы