377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Гагарин кубогі: «Барыс» хоккейшілері «Торпедоны» жеңді

  • 283
  • UPD: 22:44, 26.02.2019
Гагарин кубогі: «Барыс» хоккейшілері «Торпедоны» жеңді

Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы плей-офф кезеңі саналатын Гагарин кубогіндегі алғашқы ойынын өткізді. Астаналық клуб жарыстың келесі сатысына берілетін жолдаманы Нижний Новгород қаласының «Торпедо» командасымен сарапқа салады.

Ойын басынан қарсыластар қақпасы маңын торуылдады. Нәтижесінде «Торпедо» хоккейшісі айдында ойыншылар саны басым болып кетуіне байланысты командалық айыппен жазаланды. Осы уақытта Брэндон Боченски «Торпедо» қақпасынан саңылау тауып кетті. Ал 43-минутта Мэттью Фрэттин «Барыстың» басымдығын ұлғайта түсті. Ойынның 56-минутында қорытынды есепті Брэндон Боченски белгіледі. Есеп 4:1. «Барыс» плей-офф кезеңіндегі алғашқы кездесуінде жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетелік, плей-офф кезеңі екі команданың бірінің төрт жеңісіне дейін жалғасады. «Барыс» пен «Торпедо» енді 28 ақпанда Астанада тағы бір мәрте шеберлік байқасады. Одан кейінгі екі ойын 2 және 4 наурызда матчтар Нижний Новгордта жалғасады. Алғашқы төрт кездесуде жеңімпаз анықталмаған жағдайда 6 наурызда Астанада, одан кейін 8 наурызда Нижний Новгородта ойындар болады. Алты кездесуде жеңімпаз анықталмаған жағдайда 10 наурызда соңғы шешуші ойын елорда төрінде өткізіледі.

Хабар 24 телеарнасы