375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Александр Бублик Францияда өткен турнирде топ жарды

  • 354
  • UPD: 23:17, 03.03.2019
Александр Бублик Францияда өткен турнирде топ жарды

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Францияның По қаласында өткен ATP Challenger сериясындағы турнирдің жеңімпазы болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз ақтық сында словакиялық теннисші Норберт Гомбошты жеңді.

1 сағат 46 минутқа жалғасқан кездесу 5:7, 6:3, 6:3 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, бұл – Бублик үшін 2019 жылғы екінші чемпиондық атақ. Ол бұған дейін Будапештте өткен турнирдің жеңімпазы атанған.

Хабар 24 телеарнасы