378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Арман «Сұңқар» Оспановтың келесі жекпе-жегі белгіленді

  • 252
  • UPD: 17:40, 06.03.2019
Арман «Сұңқар» Оспановтың келесі жекпе-жегі белгіленді

Қазақстандық файтер Арман «Сұңқар» Оспанов 27 сәуір күні Мәскеуде өтетін АСА 95 турнирінде жұдырықтасады.

Бұл туралы турнирдің Іnstagram желісіндегі ресми парақшасында хабарланған. 

АСА 95 турнирінде отандасымыз германиялық Лом-Али Эскиевпен жұдырықтасады. Тегі шешен болып келетін файтер соңғы жылдары Дюссельдорфқа қоныс аударған. Германияда «Арыстан» деген лақап атпен танымал. Аралас жекпе-жекте 20 жекпе-жек өткізіп, 15-де жеңіске жеткен. 4 рет жеңілген және 1 рет қарсыласымен тең түскен.

Лом-Али Эскиев Германиядағы болашағы зор спортшылардың бірі саналады. 2013 жылы RNC-Martial Arts Gala турнирі кезінде қарсыласы Вугар Бахшиевті 13 секундта жеңген екен. Осыдан кейін спортшының танымалдылығы артқан, деп хабарлайды kaz.vesti.kz.

Хабар 24 телеарнасы