378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында көкпардан сайыс өтті

  • 187
  • UPD: 21:45, 10.03.2019
Атырау облысында көкпардан сайыс өтті

Мұнайлы өлкенің азаматтары көкпар тартты. Жалпы Атырау облысында ересектер және жастардан құралған екі кәсіби құрама команда бар. Мақат ауданына қарасты Доссор кентінде өткен көкпаршылар сайысы аймақта осы ұлттық спорт түрін кеңірек насихаттауға арналған.

Бұл жолғы жарысқа 4 команда қатысты. Ойын «Командалық көкпар» және «Жаппай көкпар» ережесі бойынша өтті. Жергілікті көкпаршылардың арасындағы үздіктері іріктеліп, алда облыстық командаларға алынады. Биыл Қызылқоға және Жылыой аудандарының да жеке командасы жасақталып жатыр. Мақат ауданы да өз командасын құрып, ұлттық ат спорты, әсіресе көкпар сайысына белсенді араласпақ.

Ғазиз Ғабдуллин, ұйымдастырушы:

- Еліміздің әр түкпірінде болып жатса міне бүгін Мақат ауданына да келіп жетті. Бүгінгі таңда міне қызықты ойын болып жатыр. Көрермендер тарапынан да, көкпаршылар тарапынан да керемет ойын. Әрине жастарымызға үлкен өнеге, ынталандыру бағытында жасалып жатқан іс шара. Бүгінгі көкпаршылар ертеңгі елімізді, жерімізді қорғайды деп есептейміз. Биылғы жылы жастар жылы деп есептеліп жатса, Елбасының  осы бағдарламалары бойынша сол бағдарламаны алға қарай дамыту жолында міне халық қолдап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы