379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуро-2020: Қазақстан Ресей ұлттық құрамасын қабылдайды

  • 182
  • UPD: 19:11, 24.03.2019
Еуро-2020: Қазақстан Ресей ұлттық құрамасын қабылдайды

Шамамен бір сағаттан соң елордада футболдан Қазақстан және Ресей ұлттық құрамалары арасындағы матч басталады.

Бүгінгі кездесудің жөні бөлек. Олай дейтініміз, «Астана-Аренаға» жігіттерімізге қолдау көрсету үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келеді деп күтілуде. Сондықтан Михал Билектің командасы барын салары сөзсіз.

Бүгінгі ойынның қаншалықты маңызды екені қазірден бастап сезіліп тұр. Ең алдымен қауіпсіздік шараларының әдеттегіден бірнеше есе күшейтілгенін атап өткен жөн. Ол түсінікті де. Бүгінгі ойынды стадионнан тамашалайтын құрметті қонақтардың арасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та бар.

Айта кетейік, ол Мемлекет басшысы ретінде ұлттық құраманың ойынына алғаш рет келіп отыр. Сондықтан жігіттеріміз жасыл алаңда барын салады деп сенеміз.

Енді ойынға ойыссақ. Қарсыласымыз – бірінші турда Бельгияға есе жіберген Ресей құрамасы. Осы ойында алаңнан қуылған «Монаконың» жартылай қорғаушысы Александр Головин командаластарына көмектесе алмайды. Бұдан бөлек Далер Кузяев пен Роман Зобнин де бүгінгі матчқа қатыспайды. Дегенмен Станислав Черчесов иек артатын өзге жігіттер құрамда бар. Олардың арасында Денис Черышев, Артем Дзюба сынды футболшыларды ерекше атап өтуге болады. Ал Қазақстан ұлттық құрамасы іріктеудің алғашқы турында Шотландия футболшыларын 3:0 есебімен жерге қаратты. Осылайша бүгінгі алаң иелері өз тобында екінші орында келеді. Бүгін жігіттеріміздің жеңісті жолы жалғасады деп үміттенеміз.

Авторы: Нұршапағат Несіпбаев

Хабар 24 телеарнасы