389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕУРО-2020 бойтұмары таныстырылды

  • 400
  • UPD: 12:16, 25.03.2019
ЕУРО-2020 бойтұмары таныстырылды uefa.com

Амстердамда матч алдындағы шоу барысында УЕФА ЕУРО-2020 ресми бойтұмарын таныстырды.

Оның есімі - Скиллзи. ЕУРО-2020 бойтұмары фристайл мен көше футболын жақсы көреді, деп хабарлады ҚазАқпарат uefa.com сайтына сілтемемен.

«Бізге фристайл мен көше футболының әдемілігін бүкіл Еуропаның жанкүйерлеріне көрсетуге тамаша мүмкіндік туды», - деді Лив.

ЕУРО-2020 чемпионаты өтетін 12 елдің тұрғындары видео түсіріп, өз қаласын таныстыра алады. Лив пен Тобиас үздік видеоларды іріктеп, дауыс беруге шығарады. Содан кейін жанкүйерлер ЕУРО-2020 әр қаласынан бір қыз бен бір жігітті таңдайды. Еуропа біріншілігі Амстердам, Баку, Бильбао, Будапешт, Бухарест, Глазго, Дублин, Копенгаген, Лондон, Мюнхен, Рим және Санкт-Петербург қалаларында өтеді. Осы іріктеуден өткен 24 адам түрлі шараларда өз мүмкіндіктерін көрсете алады.

«ЕУРО-2020 тарихтағы ең ірі спорттық шаралардың бірі болмақ. Фристайл оны қызықтырақ ете түседі», - деді фристайлдан Еуропаның бұрынғы чемпионы норвегиялық Тобиас.

Хабар 24 телеарнасы