379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда жасөспірімдер арасында қазақ күресінен ел чемпионаты басталды

  • 247
Қостанайда жасөспірімдер арасында қазақ күресінен ел чемпионаты басталды

Қостанай қаласында жасөспірімдер арасында қазақ күресінен ел чемпионаты басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бәсеке 400-ге жуық балуанның басын қосты. Боз кілемде ұлдардан бөлек, қыздар да өзара үздікті анықтайтын болады. Тоғыз салмақ дәрежесі бойынша топ жарғандар спорт шебері атанып, халықаралық турнирлерге жолдама алады. Жарыс командалық белдесулермен мәреге жетпек. Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы бұл жарыс – биыл ұйымдастырылған үшінші Қазақстан чемпионаты. 

Бақдәулет Сәбитов, ҚР қазақ күресі федерациясының бас хатшысы:

– Бұл жерде біраз спортшыларға қайтадан үмітін оятатын, тағы бір мүмкнідік берілетін схема бар. Ширек финалға жеткен ұтылған екі спортшы бір-бірімен таласып, үшінші орынға таласады. Жартылай финалда ұтылған екі спортшы да бір-бірімен таласа алады. Сонда екі үшінші орын болады. Бұл схема ешқандай спорт түрінде жоқ. Қазақ күресіне тән.

Авторы: Данияр Сұлтанұлы

Хабар 24 телеарнасы