379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Мұндайды өмірімде көрген жоқпын» - Абель Санчес Головкиннің күші жайлы

  • 201
  • UPD: 17:32, 27.03.2019
«Мұндайды өмірімде көрген жоқпын» - Абель Санчес Головкиннің күші жайлы HBO Boxing

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшы мен суперауыр салмақта сынға түсетін америкалық Малик Скоттың күш сынасып жатқан сәті түсірілген видеоға қатысты пікірін айтты.

Боксшылар Калифорнияда Санческе тиесілі Big Bear жаттығу залында кездескен. Америкалық боксшы Головкиннің күшін көргенде таңданысын жасыра алмады,  - деп хабарлайды Vesti.kz.

«Головкиннің физикалық тұрғыда өте мықты екені ешкімге құпия емес. Білесіз бе, осыны өз көзімен көріп, Головкинді сынау үшін бізге спаррингке көптеген жігіттер келген. Бірақ олар GGG-ге нағыз сынақ бола алмады. Бапкер қызметінде жүргеніме бірнеше жыл болды, бірақ мұндайды өмірімде көрген жоқпын», - деді Санчес Villanfy Media-ға берген сұқбатында.

Головкин рингке оралу үшін Big Bear-де жаттығуын қайта бастады. Келесі жекпе-жегі маусым айында өтеді деп жоспарланған. Бұл қазақстандық боксшының DAZN стриминг сервисі аясындағы алғашқы кездесуі болмақ

Бірақ Головкиннің келесі қарсыласы кім болатыны әзірше белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы