378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Месси «Алтын бутсаға» тартыста Мбаппеден алшақтай түсті

  • 190
  • UPD: 15:24, 01.04.2019
Месси «Алтын бутсаға» тартыста Мбаппеден алшақтай түсті © Eurosport

Соғылған голдар саны чемпионат күшінің коэффициентіне көбейтіледі.

Каталондық «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси Еуропадағы маусымның ең үздік бомбардиріне берілетін «Алтын бутсаға» тартыста көшбасшылығын нығайта түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Аргентиналық футболшы Испания чемпионатының 29-шы турындағы «Эспаньоламен» ойында дубль жасап, соққан голдар көрсеткішін 31 допқа жеткізді. Ал оның басты бәсекелесі ПСЖ клубының форварды Килиан Мбаппе Францияның 1-ші лигасының 30-шы турында «Тулуза» қақпасына бір ғана гол салды. Бұл франциялықтың чемпионаттағы 27-ші голы ғана.

Рейтингтегі ұпай жинау келесідей: салынған голдар саны чемпионат күшінің коэффициентіне көбейтіледі. Үлкен бестік біріншілігінің коэффициенты ең жоғары - 2,0

«Алтын бутсаға» үміткерлердің алғашқы сегіздігі:

  1. Лионель Месси («Барселона»): 31 гол (x2.0) / 62 ұпай
  2. Килиан Мбаппе (ПСЖ): 27 гол (x2.0) / 54 ұпай
  3. Фабио Квальярелла («Сампдория»): 21 гол (x2.0) / 42 ұпай

4-8. Криштиану Роналду («Ювентус»): 19 гол (x2.0) / 38 ұпай

4-8. Кшиштоф Пентек («Милан»): 19 гол (x2.0) / 38 ұпай

4-8. Серхио Агуэро («Манчестер Сити»): 19 гол (x2.0) / 38 ұпай

4-8. Роберт Левандовски («Бавария»): 19 гол (x2.0) / 38 ұпай

4-8. Дуван Сапата («Аталанта»): 19 гол (x2.0) / 38 ұпай

Хабар 24 телеарнасы