377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хоффенхайм» өз алаңында «Лейпцигтен» ұтылды

  • 99
«Хоффенхайм» өз алаңында «Лейпцигтен» ұтылды

VAR болмағанда қайтер еді.

Неміс бундеслигасына енген жүйе өз жемісін бере бастады. Нақақтан күйу немесе жөнсіз жаладан мұндағы төрешілерді әлгі бейнеқайталап көру мүмкіндігі құтқарып жүр. «Хоффенхайм» – «Лейпциг» кездесуін өткерген Дениз Айтекин де әлгі құрылғы көмегіне жүгінді. Қонақтар есеп ашқан сәтте. Тимо Вернер оң қанаттан доп алып, шалт қимылмен қарсыласын сан соқтырған. Сосын қорғаушы Штефан Пошқа соғылды. Төреші ойынды тоқтатқан жоқ. Вернер допты айып алаңына ұзатып, сол маңдағы Юссуф Поульсен гол соқты. Алаң иелері шу шығарып, төреші Дениз сасып қалған болатын. Содан кейін VAR-ға жүгініп, өз шешімінің дұрыстығына көз жеткізді. Бұл – ойынның елу үшінші минутында орын алған жағдай. Араға жиырма минут салып Юссуф Поульсен тағы да мергендігімен танылып, «Лейпциг» мерейі үстем болды. Рас, Штефан Ильзанкер Исхак Бельфодильге қарсы тәртіп бұзып, төреші 11 метрлік айып добын белгілеген. Андрей Крамарич мүлт кеткен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы