379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елдос Сметов: Жарақатымнан жүз пайыз айыққан жоқпын

  • 112
  • UPD: 12:42, 13.04.2019
Елдос Сметов: Жарақатымнан жүз пайыз айыққан жоқпын Olympic.kz

Дзюдодан Анталияда өтіп жатқан Гран-при турнирінің алғашқы жарыс күнінде қазақ балуанды Елдос Сметов топ жарған болатын.

60 келіде белдескен дзюдошы финалда өзбекстандық спортшыны таза жеңді.

– Гран-при сыны жоғары деңгейде өтіп жатыр. Ұйымдастырылу жағынан кемшілік жоқ, спортшылардың деңгейі жоғары. Барлық жекпе-жек кезінде жанкүйерлердің, халқымның қолдауын сезіндім. Жақында жарақат алғанымды білесіздер. Иығымды ауыртып алған соң, Екатеринбургтегі Grand Slam додасынан бас тартқан едім. Араға аз уақыт салып, Анталиядағы сында топ жардым. Дәрігерлер денсаулығымды бақылап отыр. Жарақатымнан жүз пайыз айығып кеттім деп айта алмаймын. Иығым әлі де болса ауырады. Одан бөлек, белдесу кезінде қарсыласым тіземнен теуіп, тағы да ауырсынып қалдым. Дегенмен бұл спорт. Спортта мұндай кішігірім жарақат көп кездеседі. Ең бастысы - әрі қарай ушықтырып алмау керек. Токио Олимпиадасына іріктеу сынында жоғары ұпай жинап, төртжылдық додасына жолдама алуды басты мақсат тұттым. Бұйырса, сол ойымызды жүзеге асыруға тырысамыз,  - дейді Елдос Сметов. 

60 келідегі Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов әлемдік рейтингте 6-шы орында тұр. 

Ақпарат көзі: Olympic.kz

Хабар 24 телеарнасы