379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Альварес үшінші жекпе-жек үшін Головкинге жаңа шарт қойды

  • 401
  • UPD: 12:10, 10.04.2019
Альварес үшінші жекпе-жек үшін Головкинге жаңа шарт қойды © НВО

Орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес (51-1-2, 35 КО) қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) беделді чемпиондық белбеу жеңіп алса, онымен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

4 мамырда Лас-Вегаста «Канело» орта салмақта IBF белбеуінің иегері америкалық Дэниэл Джейкобспен (35-2, 29 КО) жұдырықтасады. Мексикалықтың сөзінше, жеңіске жеткен жағдайда оның басты мақсаты - WBO белбеуін иелену. Альвареске абсолют чемпион атануға осы белбеу ғана жетпей тұр.

«Бәрінің өз уақыты бар. Алда Джейкобспен ауыр жекпе-жек күтіп тұр. Бірақ команда ретінде бізде мақсат бар. Биылғы мақсатымыз - орта салмақтағы барлық белбеуді иелену. Головкинде белбеу болса, неге жұдырықтаспасқа? Жыл соңына дейін белбеу жеңіп алса, онымен жекпе-жек өткізуге қуанышты боламын. Болмаса, онда жағдайдың қалай боларын көреміз. Жанкүйерлерге тамаша екі жекпе-жек сыйладық, үшіншісін неге сыйламасқа?" - деп келітреді Альварестің сөзін BoxingScene.com.

Хабар 24 телеарнасы