379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нурмагомедов МакГрегорге қарымта шартын айтты

  • 292
  • UPD: 15:26, 15.04.2019
Нурмагомедов МакГрегорге қарымта шартын айтты MMABoxing.ru

Жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов ирландиялық Конор МакГрегордың командасы қарымта туралы келіссөздер бастауына болады деген сыңай танытты. 

Мұның алдында МакГрегор твиттер желісінде жазба қалдырып, Нурмагомедовтың күресу шеберлігіне күмәнданған. – Біз оның күресу шеберлігін асыра бағалаппыз. Қарымта бәрін көрсетеді, - деп жазыпты ирландиялық.

Нурмагомедовтың өзі бұған жауап жазып, МакГрегор 2016 жылдан бері ешкімді жеңбегенін жазды. – Алдымен бірнәрсе жеңіп ал, қарымта туралы сосын сөйлесеміз, - деп жауап берді Хабиб.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы