387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мадияр Әшкеев америкалық боксшымен қолғап түйістіреді

  • 361
  • UPD: 13:51, 07.05.2019
Мадияр Әшкеев америкалық боксшымен қолғап түйістіреді

Қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеевтің (11-0, 6 КО) қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

23 мамыр күні АҚШ-тың Аризона штатында өтетін бокс кешінде Мадияр Әшкеев америкалық Сесил МакКаламен жекпе-жекке шығады. Ол кәсіпқой бокста 24 кездесу өткізіп, 21 кездесуде жеңсе, 3 кездесуде жеңілген.

Бір айта кетерлігі, қарсылас ешқашан нокаутқа түспеген. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Мадияр Әшкеев соңғы жекпе-жегінде пуэрториколық Луис Эрнандесты (16-6-0) жеңді.

Хабар 24 телеарнасы