378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда ұлттық спорт ойындарының фестивалі басталды

  • 153
  • UPD: 09:51, 05.05.2019

Петропавл қаласында ұлттық спорт ойындарының фестивалі өз жалауын көтерді.

Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне арналған жарысқа әр ауданынан барлығы 200 шақты мектеп оқушысы қатысты. Олар тоғызқұмалақ, асық ату, бес тас сияқты ойындардан сынға түсіп, өзара мықтыны анықтады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл ұлттық спорт түрлерін дамытуға мүмкіндік береді. Мәселен, қазір бір ғана тоғызқұмалаққа облыс бойынша 1 мыңдай адам ден қойған. Олар республикалық сайыстарға да тұрақты түрде қатысып, топ жарып тұрады. Фестивал қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталып, облыс құрамасы жасақталады.

Жандарбек Қуандықов, бас төреші:

- Тоғызқұмалақ біздің өңірде жақсы дамып жатыр деп айтуға болады. Себебі қазір әр ауданда, қаламызда мінеки қалымыздың ұлттық спорт мектебінде жаттықтырушылар көбейіп, бөлімдер ашылды. Аулалық клубтарда тоғызқұмалақ бөлімдері ашылды.

Хабар 24 телеарнасы