379.46 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қалтасынан телефоны түскен дзюдошы опық жеді

  • 196
  • UPD: 21:00, 12.05.2019

Бакуде дзюдодан Үлкен шлемнің сайыстары қызған шақ. Grand Slam барысында Португалиядан келген балуан Анри Эгутидзе ыңғайсыз жағдайға қалды.

Швецияның спортшысымен татамиге шыққан еді. Алайда жекпе-жектің алғашқы минуттарында қарсыласты өзіне туралап, ыңғайлана берген сәтте кимоносының қалтасынан ұялы телефоны сау етіп жерге түсті. Бұл сәтті байқаған судья жекпе-жекті бірден тоқтатып, португалдық техникалық жеңіліс тапқанын жариялады. Себебі татамиге спортшының өзімен бірге артық зат алып шығуына болмайды.

Жеңіліс сәті Халықаралық дзюдо федерациясының ютуб каналында жарияланды (IFJ).

Айта кету керек, Анри Эгутидзе 2016 жылы өткен қос Еуропа юниорлық чемпионатының жеңімпазы. Марокко, Тбилиси, Загребте өткен Гран-прилерде екінші және үшінші орындарды жеңіп алған спортшы.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы