380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Silk Way Series Astana: отандық велотрекшілер жеті медаль жеңіп алды

  • 157
  • UPD: 21:06, 19.05.2019
Silk Way Series Astana: отандық велотрекшілер жеті медаль жеңіп алды Olympic.kz

Елордада велотректен CL1 санатындағы Silk Way Series Astana халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстандық спортшылар өз жеріміздегі турнирден үш алтын медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Алғашқы жарыс күнінде біздің спортшылар «омниумнан» екі медаль иеленді. Роман Василенков бұл бағдарламада жеңімпаз атанса, команда үздігі Артем Захаров күміс еншіледі. 

«Мэдисон» бойынша Артем Захаров пен Сұлтанмұрат Мірәлиев жұбы топ жарса, Әлішер Жұмақан мен Роман Василенков қола жүлдегерлер қатарында. 

Күтпеген алтын медаль «кейриннен» келді. Қазақстандық Павел Воржев алты дүркін Олимпиада чемпионы, ұлыбританиялық Джейсон Кенниден, сондай-ақ әлем чемпионатының жүлдегері, ресейлік Павел Якушевскийден озып кетті. 

Топтық жарыста қазақстандықтар бірінші және екінші орынды ешкім берген жоқ. Сұлтанмұрат Мірәлиев алтын алса, Асылхан Тұрар күміс медаль иеленді. 

Өкінішке қарай, Қазақстан әйелдер командасы жүлдесіз қалды. Бүгін Рината Сұлтаньва жүлдеге қол созым жерден тоқтады. 

Осылайша, Қазақстан  командасы үш алтын, екі күміс және екі қола медаль жеңіп алды. 

Хабар 24 телеарнасы