380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ольга Сафронова Жапониядағы әлемдік серия турнирінен екі медаль еншіледі

  • 332
  • UPD: 11:46, 20.05.2019
Ольга Сафронова Жапониядағы әлемдік серия турнирінен екі медаль еншіледі olympic.kz

Жапонияда Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының ұйымдастыруымен Seiko Golden Grand Prix Osaka турнирі аяқталды.

Әлемдік серия аясына енетін жарысқа Қазақстан атынан Ольга Сафронова қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Сафронова Осакадағы турнирден бір күміс, бір қола медаль еншіледі.

100 метрге жүгіруден Ольга 11.39 уақыт көрсеткішімен екінші орын иеленді.

Ал 200 метрді 23.08 секундта жүгіріп өткен ол мәре сызығын үшінші болып кесті.

Еске сала кетейік, Сафронова Азия биылғы Азия чемпионатынында 100 метрге жүгіруден жеңімпаз атанған болатын.

Хабар 24 телеарнасы