380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада спортты дамытудың ерекше әдісі қолға алынды

  • 143
  • UPD: 12:15, 20.05.2019
Елордада спортты дамытудың ерекше әдісі қолға алынды

Елордадағы олимпиадалық даярлау орталықтары бұқаралық спортты дамытудың ерекше әдісін қолға алды.

Бұдан былай отбасылық спорт турнирлері өткізіледі. Оған жанұяның барлық мүшесі қатыса алады. «Сарыарқа» велотрегінде турнирге қатысушылар футбол, волейбол және асық ату сияқты спорт түрлері бойынша сынға түсті. Алдағы уақытта осындай жүйедегі жарысты жиі өткізіп, оның аясын одан әрі кеңейту жоспарланып отыр.

Назар Жұмабеков, олимпиадалық даярлау орталығы директорының орынбасары:

- Бұған қоса шара аясында бірқатар спорт түрі бойынша шеберлік сағаттары өткізілді. Мәселен, бүгін 15 жасқа дейінгі өрендер таэквондо мен шағын футболдан өз тәжірибелерімен бөлісті. Осындай үлгідегі жарыстар арқылы бұқаралық спорттың дамуына тың серпін бергіміз келеді.

Хабар 24 телеарнасы