384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемнің ең қымбат футболшысы командасын ауыстырмақ

  • 637
  • UPD: 22:49, 20.05.2019
Әлемнің ең қымбат футболшысы командасын ауыстырмақ Чемпионат.com

«Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе Франция футболшылар кәсіподағының (UNPF) марапаттау салтанатында командасын ауыстыруы мүмкін екенін мәлімдеді. 

20 жастағы футболшы Франция чемпионатының үздік ойыншысы және үздік жас футболшы номинацияларында жеңіске жетті. 

- Әрине, маусым барысындағы кейбір нәтижелерге көңіліміз толмайды. Бірақ бұл футболдыңі бір бөлігі. Бұл жерде өзіме көп жаңалық аштым. Өзіме көп жауапкершілік алатын уақыт келгенін сеземін. ПСЖ-да не басқа командада, білмеймін, – деп келтіреді Мбаппенің сөзін Goal.com сайты.  

Айта кетейік, бұған дейін Килиан Мбаппеге мадридтік «Реал» қызығушылық танытқан болатын. Қазіргі таңда француз – әлемнің ең қымбат футболшысы. Оның нарықтағы құны 215 миллион еуроны құрайды, деп жазады prosports.kz. 

Хабар 24 телеарнасы