378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жанқош Тұраров елордада әлемдік титул үшін бокс кешін өткізеді

  • 422
  • UPD: 07:44, 21.05.2019
Жанқош Тұраров елордада әлемдік титул үшін бокс кешін өткізеді

Елорда күні бас шаһарда кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Барыс аренада» болатын былғары қолғап кешінде елімізбен қатар шетелдік кәсіпқой боксшылар рингке шығады. Белгілі боксшы Жаңқош Тұраров шаршы алаңға оралып, қолғап түйістіреді. Айта кету керек, Жаңқош соңғы бір жарым жыл бойы айқасқа шықпаған еді. Сонымен қатар жеңіл салмақта WBC бойынша әлем чемпионы атағын және орташа салмақта WBO бойынша Еуропа чемпионы титулын қорғайтын Нордин Оубаали және Дэвид Оливер Джойс сияқты халықаралық спортшылар да жекпе-жек өткізеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, билет құны 500-2000 теңге аралығында болады.

Жанқош Тұраров, кәсіпқой боксшы:

– Өз бабымдамын десем болады. Дайындықты үзген жоқпын. Бұл маған жат нәрсе емес. Дайындық өте тамаша, 6 шілдеге дейін әлі уақыт бар. Оған дейін рейтингтік кездесу өткіземін.

Хабар 24 телеарнасы