378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылық кеншілер Головкинге арнап бейнеролик түсірді

  • 154
  • UPD: 14:05, 28.05.2019
Қарағандылық кеншілер Головкинге арнап бейнеролик түсірді prosports.kz

Қарағандылық кеншілер әйгілі жерлесі Геннадий Головкинді жекпе-жегі алдында қолдауға арналған бейнеролик түсірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Шағын видеоролик YouTube желісіндегі ERG Kazakhstan арнасында жарияланған. Кеншілер қазақстандықтарды әлеуметтік желілерде #GGGалға, #GGGalga, #GGGbizbirgemyz, #GGGмывместе хэштегімен жерлесін қолдауға шақырады.

Айта кетейік, 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін бокс кешінде Головкин DAZN платформасы аясындағы алғашқы жекпе-жегін өткізгелі отыр. Қазақстандық боксшының қарсыласы - канадалық боксшы Стив Роллс (19-0, 10КО).

Хабар 24 телеарнасы