387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Номад» Жоғарғы хоккей лигасына ресми қабылданды

  • 336
  • UPD: 22:52, 31.05.2019
«Номад» Жоғарғы хоккей лигасына ресми қабылданды

Бүгін Сочи қаласында өткен Жоғарғы хоккей лигасының кезекті маусымының ресми жабылу салтанатында жаңадан қосылатын командалар қабылданды.

Бұл тізімге «Динамо» (Тверь), «Торпедо-Горький» (Нижний Новгород), «Номад» (Астана) және «Хумо» (Ташкент) командалары енді. Жоғарғы хоккей лигасында қазіргі таңда екі қазақстандық команда: өскемендік «Торпедо» мен қарағандылық «Сарыарқа» бар.

Айта кетейік, «Номад» - «Барыстың» фарм-клубы. 2017 жыл Қазақстан біріншілігінде чемпион атанған.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы