379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тимур Хайдаров Германиядағы әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды

  • 169
Тимур Хайдаров Германиядағы әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды

Байдарка мен каноеде есуден Дуйсбург (Германия) қаласында өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бір адамдық каноемен 200 метрге жарысқан спортшылар арасында қазақстандық Тимур Хайдаров үшінші орын алды. Ол ресейлік Иван Штыль мен испаниялық Альфонсо Бенавидеске қана есе жіберген.

Финалда бақ сынаған тағы бір қазақстандық спортшы Виктор Степанов төртінші орыннан көрінді.

Айта кетелік, Польшада өткен әлем кубогі кезеңінде Хайдаров екі медаль еншілеген болатын.

Хабар 24 телеарнасы