389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ПСЖ Неймарды сатпақ

  • 344
  • UPD: 13:16, 17.06.2019
ПСЖ Неймарды сатпақ

Франциялық «Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Неймар маусым аралығында клубтан кетуі мүмкін, – деп хабарлайды L’Equipe.

Ақпарат бойынша, париждіктер жақсы ұсыныс алса, бразилиялық футболшыны алдағы жазғы тарнсферде сатуға дайын. Алайда оның құны «Барселонадан» сатып алған 222 миллион еуродан кем болмау керек екен.

Неймар болса ПСЖ-дағы ауыр жағдайдан қажып, өзі де кеткісі келетінін айналасындағыларға білдіріпті. Осыған байланысты агент Пини Захави футболшыны Испанияға қайтару бойынша іске кірісіп кеткен.

29 жастағы Неймар ПСЖ сапында 2017 жылдан ойнап келеді. Өткен маусымда форвард Франция чемпионатындағы 17 ойында 15 гол салды және жеті нәтижелі пас берді. Оның париждік клубпен келісімшарты 2022 жылға дейін жасалған.

Хабар 24 телеарнасы