384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


IBO Головкинге қарсылас таңдады

  • 418
IBO Головкинге қарсылас таңдады

Халықаралық бокс ұйымы (IBO) Twitter-де дауыс беру арқылы қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі қарсыласын таңдады.

Бұл туралы Prosports.kz хабарлайды.

Дауыс беру нәтижесінде, мексикалық боксшы Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жекті қолдайдындар көп екені белгілі болды. Дауыс берушілердің 59%-ы «Канелоны» таңдады. Одан кейінгі орындарға Демитриус Андраде (20%) мен Билли Джо Сондерс (15%) жайғасқан. Ал Джермалл Чарло 5% таңдау түсті.

Естеріңізге сала кетейік, канадалық Стив Роллсты жеңгеннен кейін Головкин «Канеломен» үшінші рет кездесуге ниетті екенін айтты. Отандасымыз 2017 және 2018 жылдары өткен қос кездесудің бірінде тең түсіп, бірінде жеңіліп қалған болатын.

Хабар 24 телеарнасы