384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Садақ атудан Қазақстан командасы Токиодағы тестілік турнирге қатысады

  • 187
Садақ атудан Қазақстан командасы Токиодағы тестілік турнирге қатысады

10-19 шілде аралығында Жапония астанасы Токиода садақ атудан халықаралық тестілік турнир өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Осыған орай садақ атудан Қазақстан құрама командасы Алматы облысы Талғар қаласы маңындағы АІВА академиясының базасында оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. 

Жаттығу жиыны 30 маусымда басталмақ. 9 шілдеге дейін жалғасатын дайындық кезеңіне ұлттық құрама мүшелері түгел қатысады. Ал Токиодағы турнирге мына спортшылар қатысады: Ильфат Абдуллин, Сұлтан Дүзелбаев, Санжар Мұсаев, Қаракөз Асқарова, Гаухар Игібаева, Алина Ильясова.

Команда бас бапкері – Григорий Ким.

Хабар 24 телеарнасы